Қарағанды облысының әйелдер колониясында жазасын өтеушілер ойыншықтар жасайды. Туындыларының басым көпшілігі — қуыршақтар мен ертегі кейіпкерлері. Балалар анасынан сыйлықты кесте арқылы ала алады.
Бұл Қарағады облысындағы жалғыз әйелдер колониясы. Эко-ойыншықтар өндірісі жақында іске қосылған көрінеді. Туындыны жасау барысында ескі журналдар, кітаптар, картон мен сыйлық орамдары қолданылады. Әр туынды үлкен шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді.
Татьяна Немцан ұзақ жыл гимназияның директор қызметін атқарған. Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылған. Педагог ағылшын,француз тілдерінде еркін сөйлейді. Ойыншық жасауды осында үйренген. Жұмыстарының көлемі ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл.
«Әр ана баласын қуантқысы келеді. Ал, біз қалай қуанта аламыз? Әдемі қолөнер, сурет, хат жазу арқылы ғана. Ойыншықтарды жасау барысында балаларымызға арнап жазба қалдыра аламыз. Өзім де балапандарымды қатты сағындым. Бұл шамалы болсын ойламауға,алдануға көмек береді», — дейді № 32 түзету мекемесінде жазасын өтеуші Татьяна Немцан.
Ойыншықтарды әйелдер колониясындағы нәзікжандылардың көбісі жасайды. Бұл балалар үшін нағыз тамаша тарту болмақ. Мұндай шаралар сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу арқылы оларды түзу жолға бағыттайды. Мекеме басшылығының айтуынша жазасын өтеушілер колонияда еңбек етсе,бостандыққа шыққан соң сыртқы ортаға тез бейімделіп кетеді.
«Бізде қысқа және ұзақ күндер бар. Қысқа мерзімді күндер-екі сағатқа дейін, ұзақ күндер — екі күннен артық. Күн сайын 2-3 бала жүздесу үшін жақындарына келеді. Балалар тезірек бостандыққа шығып,жақсы әрекет етудің басты мотиваторы болып табылады», — дейді № 32 мекеме бастығының орынбасары Мейрам Қарсенов.
Мұндағы жазасын өтеушілердің қолөнерді дамытуға деген құштарлықтары арта түскен. Балалар белгіленген кестеге сәйкес келгенде сыйлықтар ала алады. Айта кету керек, бүгінгі таңда № 32 әйелдер колониясында түрлі қылмыс жасаған 500-ден астам әйел бар.