Вторник, 11 февраля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚұрттарға арналған вермикомпост: Қарағандының тұрғыны экзотикалық бизнесті қалай құрды

Құрттарға арналған вермикомпост: Қарағандының тұрғыны экзотикалық бизнесті қалай құрды

Калифорниялық шы¬лаушындар табыстың көзі. Бұл ерекше кәсіппен Қарағанды қаласының тұрғыны Нұрбек Оралбаев айналысып жүр. Ол сәуір айында ауласынан арнайы орын дайындап құртты өндіріске жіберді. Биогумус егістік жердің құнарын арттырады.

Калифорниялық шы¬лаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра-мын гумуспен байытып, құнарлы қа¬ра топыраққа айнал¬дырады. Оған күнделікті төрт түліктің тезегін салып қорытады. Мәне 4 айда өнім пайда болды.

Құрттарға арналған вермикомпост: Қарағандының тұрғыны экзотикалық бизнесті қалай құрды

«Ютуб арқылы ақпарат алдым. Содан 2022 жылы шілде айында бастап кеттім. Екі қорабын алып, тәжірбие жинап, содан кейін Алматыда Казверм деген коператив ашылды. Сол жерден оқуын оқып сертификат алдым», — дейді Нұрбек Оралбаев.

Колоифорния шылаушыны көн астында 16 жыл өмір сүреді. Тыңайтқыш өндіру процесін тоқтатпайды. Биогумуска айналған соң топырақ арнайы үкіштен өтеді. Былтыр кәсіпкер 30 қап тыңайтқыш шығарған. Сатып еңбегінің жемісін көріпті. Кәсібінің биыл ауқымын кеңейтіп отыр.

Производство удобрения

«990 млн Қазақстанның гектар жері тозып кеткен. 30 млн гектар жер мүлдем жарамсыз болып қалған. Қазір мынау селитра деген минералды тыңайытқыштар адам өміріне негізі зиян келтіреді. Ол химиялық тыңайытқыш. Бұл табиғи таза Алланың берген тыңайтқышы», — дейді Нұрбек Оралбаев.

Оның бақшасында көкөніс жеміс жидектер көп өседі. Құнарландыру әдісімен алынған топыраққа қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша еккен. Биыл мол өнім күтіп отыр.

Огород Нурбека Оралбаева

«Aуылдарда мысалы үшін малдан аз шыққан көңді, шығарып тастап жатады. Бұрын бақшаға жайып пайдалануға болатын. Қазір халық түсінбей жатырда мұны. Бұл негізі келешегі зор бизнес. Конкурент деген болмайды, сбыт деген жетеді. Әрбір қазақ айналысса зор болатын еді», — дейді ол.

Кәсіпкер осы бизнестен мемлекеттен қолдауға ие болды. 2 пайыз жеңілдікпен несие алды. Оның үстіне биогумуска субсидия да беріле бастаған. Бұл бабын білгенге жер құрты да байлық береке екенінің көрінісі.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное