Алдағы келе жатқан қыстың қалай болатыны қазан айында анықталады. Бұл Қарағанды облысындағы 70 жастағы зейнеткердің пайымдауы. 25 жылдан астам уақыт мал баққан шаруа иесі табиғатқа және төрт түлікке қарап күн райын болжай алады екен. Мұны ол ерекше қасиет емес, бірнеше жыл жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі дейді.
Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының тұрғыны Қанат Исаханов ауа-райын алдын ала болжай алады. Қыр далаға жақын өскен азамат табиғаттағы құбылысты жан-жануар, аң-құс, балық тәрізді жәндіктердің қылықтары арқылы бақылайды. Шаруа иесісі соған байланысты шаруашылығын ыңғайлайды. Оның айтуынша өзге түліктерден бұрын қой қазақ жерінің климатын тез сезеді.
«Қой көп бағатындықтан айтарым. Қой ауа райы құбылатынын бірінші біледі. 6-7 күн бұрын бір бірімен сүзіседі. Ал сиыр жөтеле бастайды. Бұл күн суытады деген сөз. Жылқы ойнақтап жүгірсе күн жылынады деген сөз. Ертеден қазақ тар осындай болжаммен тәжірбие жинаған», — дейді Бесоба ауылының тұрғыны Қанат Исаханов.
Қанат Исаханұлы жаңа туған айға қарап келер мезгілдің суық әлде жылы болатынын біліп отырады. Бұл еңбек адамының бірнеше жылдық зертеулерінің нәтижесі. Айтуынша әркім ауа райын болжай алады. «Бұған тек ізденіс керек», — дейді ол. Мысалы алдағы қыс қаншалықты қаһарлы болатыны қазан айына байланысты екен.
«Қыстың тағдыры қазан айының 6 күнінде шешіледі. Егер алғашқы 6 күнде күн жылы болса, қыс қатты болады деген сөз. Ал керісінше суық болса қыс жайлы болады дегенді білдіреді. Осыны мен бірнеше жыл зерттеп келемін. Болжамым алдаған емес», — дейді зейнеткер.
Қазақы қи қазақы қой қазақты мәңгі асырайды — деп санайды Қанат Исаханов. 70 жастағы зейнеткер малды қыста ат пен жазда квадроциклмен бағып, шаруашылығын ширатуда. Ол 2006 шылы шаруашылық ашқан. Бүгінде үйір үйір жылқысы, табын табын ірі қарасы бар. Қой өсіріп, көл көсір пайдасын көріп отыр.