Понедельник, 11 августа, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиАула ертегіге айналғанда: Қарағанды тұрғындары подъездері мен аулаларын қалай көркейтіп жатыр

Аула ертегіге айналғанда: Қарағанды тұрғындары подъездері мен аулаларын қалай көркейтіп жатыр

Қала келбетін көркейту тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, қарапайым тұрғындардың да қолынан келетін іс. Қарағандыда тұрғындар аулалары мен подъездерін өз бастамаларымен абаттандырып, демалысқа қолайлы шағын саябақтарға айналдырып жатыр. Осылайша халық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысуда.

Подъезде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін естіген Викентий Комков сұр қабырға мен қара бояудың орнына өз идеясын жүзеге асырған. Қабырға мен баспалдақтағы суреттер ежелгі кітап иллюстрацияларын еске салады: ертегі кейіпкерлері, тілек ағашы, көне жазулар бейнеленген. Барлығын жасауға екі ай уақыт кеткен.

Художественные росписи

«Осыған дейін бояп, сырлаймыз деді, бірақ нәтижесі ұнамады. Содан кейін бәрін өзім безендіріп, жөндеуге бел будым. Әр деталь — қиялымнан туған дүние. Көршілер таңғалып жатады, балалар жиі келіп қызығып кетеді. Балконым – нағыз қамал сияқты. Көшеден өткендер де тоқтап, қызығушылық танытады. Мысалы, мына есікке қарасаңыз, өзіңізді ертегідегі кейіпкердей сезінесіз. Ағаштан ойылып жасалған ауыр есік, гүлмен көмкерілген тас қабырға мен әр мүсін — барлығы менің ұшқыр қиялымнан туған», — дейді суретші Викентий Комков.

Аула ертегіге айналғанда: Қарағанды тұрғындары подъездері мен аулаларын қалай көркейтіп жатыр

Викентий Комков — 45 жылдық еңбек өтілі бар суретші. Ол — Қарағандыдағы көптеген танымал мүсіндер мен арт-нысандардың авторы. Басқа аулаларды көркейту туралы ұсыныстар жиі түсіп жатады, алайда суретші одан бас тартады. Оның өзіндік себебі бар.

Аула ертегіге айналғанда: Қарағанды тұрғындары подъездері мен аулаларын қалай көркейтіп жатыр

«Бұл оңай көрінуі мүмкін, бірақ техникалық жағынан күрделі. Көп уақыт пен еңбек керек. Екі ай бойы сурет салып жүргенде үй толы қағаз бен мольберт болды. Дәлізде жүріп-тұру қиын еді. Су әкеліп, төгіп аласың, қайта жинап, сүртесің. Мен күніне 8–12 сағаттап осы баспалдақтарда отырып жұмыс істедім. Пәтерім осы үйде болған соң ыңғайлы болды, ал басқа үйлерде бұлай жасау қиын», — дейді ол.

ухоженный зелёный уголок

Қарағандыдағы тағы бір ауланы хош иісті гүлдер көмкеріп, көз тартар жерге айналдырған. Бірнеше жыл бұрын мұнда тақыр жер болғанына сену қиын. Бұл игі істің бастамашысы — Камалиевтер отбасы. Олар жыл сайын көктемде ауладағы гүлдерді күтіп-баптайды. Бұл еңбектері үшін ешкім ақы төлемейді — бәрін жан рахаты үшін жасайды. Қазір олардың ауласы «Ең үздік аула» байқауына қатысып жатыр.

Украшение дворов

«Бұл үйге алты жыл бұрын көшіп келдік. Ол кезде аула қаңырап бос жататын. Жолдасым екеуміз жерді қопсытып, тазалап, гүл еге бастадық. Балаларымызбен бірге қарап, суарып, күтіп отырамыз. Көршілеріміз де бізді қолдайды. Көшеден өткендер тоқтап, тамсана қарайды. Жақында ауланы сәндеу үшін декоративті тастар қойдық. Алдағы уақытта тағы да түрлі гүл егу ойымызда бар», — дейді қала тұрғыны Айгүл Камалиева.

Қарағандыда мұндай аулалар көбейіп келеді. Басты мақсат — қаланы таза әрі көрікті ету ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін ояту.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное