Пятница, 13 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюди«Жақсылық жасасаң, ол саған оралады»: Қарағанды облысынан келген Владимир Ковальчуктың тарихы

«Жақсылық жасасаң, ол саған оралады»: Қарағанды облысынан келген Владимир Ковальчуктың тарихы

Қарағанды облысында қайырымдылық қайырлы іс деп білетін өзге этнос өкілі тұрады. Владимир Ковальчук «Жақсылық жасасаң өзіңе» деген қазақ даналығын ұстнады.Оның дастарханында үнемі қазақтың еті болады. Мейманына ұсынатыны ұлттық сусын қымыз. Себебі қонақ ол құт, ырзық берекесін ала келеді — деп пайымдайды.

Стол Владимира Ковальчука

Владимир Ковальчук жеке шаруа қожалықтың басшысы. Егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа биыл шөптің бітік шыққанына қуанышты. Ол 500 гектар жерден 1000 тонна өнім алыпты. 250 гектар алқапқа арпа, бидай, сұлы еккен. Қазір үйір-үйір жылқы, бір табын сиыр және отар қойы жайылымда жүр. Жылына 8 000 тонна ет, 9 тонна сүт өндіреді.

«2017 жылы асыл тұқымды ірі қара сатып алдым. Сол сәттен бастап щаруашылығым дами түсті. Ауылдағы 15 адамға жұмыс орнын аштым. Мал шауашылығы өте пайдалы кәсіп. Жалпы ауылда тұру деген керемет қой. Таза ауа, жаныңа рахат сыйлайтын кәсібің. Бастысы экологиялық таза өнімдер. Ет бар, май, сүт, ірімшік тегін. Бұдан артық не керек», — дейді Владимир Ковальчук.

Фермерское хозяйство Ковальчук

Кейіпкеріміздің бойында қазақ халқына тән мәрттік пен жомарттық бар. Аз қамтылған отбасыларды көмірмен, малдарын шөппен қамтамасыз етеді. Өз қаражатынан ауылындағы 9 жылдық мектептің терезелерін ауыстырып беріпті. Білім ордасына баратын жолды асфальттаған. Қыста ауылдың жолдарын қардан тазартуға қаржысын да техникасын да аямайды.

«Мен жақсылық жасағанды жақсы көремін. Қазақтар айтады құдайдан қайтады дейді. Жиған тергенімді халықпен бөліскен сайын несібем артады», — дейді кәсіпкер.

«Владимир Ковальчук қайырымдылығы елге мәлім. Халықтан ештеңе аямайды. Былтыр өзі туған Жыланды ауылының ішкі жолдарына асфальт төсеп берді. Ауылда ұйымдастырылатын түрлі байқаулар мен көкпар, ат жарысы тәрізді шараларда басты сыйлықтарға қаржы бөледі. Жаз мезгілінде әр жұма сайын ауылдағы кішкентай балаларға балмұздақ таратады. Біреу ауырып қалса, еміне ақша береді. Біреуге көмек қажет болса бірінші Владимирге хабарласамыз», — дейді Көктіңкөл ауылдық округінің әкімі Қуаныш Қоршабеков.

Владимир Ковольчуктің балалары да салауатты өмір салтын ұстанады. Ұлы Павел еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Ал қызы Любовь Коволчук ауыр атлетикадан ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүр. Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Владимирдің перзенттері еңбектің қазанында қайнап өскен. Мал шаруашылығының қыр-сырын жетік біледі. Олар спортқа деген құштарлығының бастауы ауылдағы тынымсыз тіршілікпен байланысты екенін жасырмайды.

Любовь Ковальчук

«Жаз бойы мен жайлауда жүретінмін. Мал бақтым, боқ шығардым, шөп шаптым. Маған үйдің жұмысына қарағанда даланың жұмысы ұнайды. Әкем бізді өз еліңнің патриоттары болыңдар деп тәрбиеледі. Осы спортқа келгеніме де әкенің осы сөздері себепкер. Мен талай жарыстарда қазақтың көк туын биікке көтердім. Сол сәтте әкемнің үмітін ақтағанымды сеземін», — дейді ауыр атлетші Любовь Ковальчук.

Павель Ковальчук

«Кез-келген спортшының арманы олимпиаданың шыңына шығу. Менде сол арманға жетіп, келешекте қазақтың көк туын биікке көтергім келеді. Сол жолда аянбай жұмыс жасап еңбектенетін боламын», — дейді ауыр атлетші Павел Ковальчук.

Бұл отбасындағы балалар қазақ мектебінде оқыған. Білім ошағында озат оқып, үлгерімі де жақсы болыпты. Пәндік олимпиадаларда үздік атанып, мемлекеттік тілде әзірлеген жобалары оң бағаланған. Қазақ тілінде еркін сөйлейтіндері жұмыс барысында көптеген септігін тигізіп жатқан көрнеді.

«Жақсылық жасасаң, ол саған оралады»: Қарағанды облысынан келген Владимир Ковальчуктың тарихы

Павел Ковальчук «Мен мүлдем орыс тілінде білмейтін едім. Кейін анам мен тәтем үйретті. Қалаға келгенде бірталай қиындау болды. Сол кезде барлығы таңқалатын», — деп еске алады.

Ал Любовь Ковальчук болса «Мен қазақша ойлаймын. Қазақ тілінде сөйлеймін. Өзімді қазақпын деп есептеймін», — дейді.

Владимир Ковольчуктің ұлты Беларус болса жұбайы Наталья орыс этносының өкілі. Тыныс-тіршілігі ауылмен біте қайнасқан шаңырақ иелері ұлттық салт дәстүрді ұстанады. Жергілікті жердегі жиын-тойдың сән-салтанатын келістіріп жүреді. Ерлі-зайыптылар қазақы әдет-ғұрып, әдеп ережелерін 4 баласының да бойына сіңірген.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное