Вторник, 24 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиӘн арқылы үйренген қазақ тілі: Ростовкадан шыққан Надежданың тарихы

Ән арқылы үйренген қазақ тілі: Ростовкадан шыққан Надежданың тарихы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ростовка ауылында қазақ тілін қазақ әні арқылы үйренген өзге ұлт өкілі тұрады. 13 жасында қазақ әндеріне қызығып, содан бері қазақ музыкасы оның өмірінің бір бөлшегіне айналды. Надежданың репертуары лирикалық әндерден құралған. Оның дауысы тыңдарманын баурап алады. Жүрегінде қазақ музыкасына деген терең махаббат пен құрмет бар. Патриоттық шығармаларды шырқағанда жүректі тербеп, сезім қылын шертетінін жасырмайды.

Надежда Тункина

«Мен қазақ әнін шырқағанда мағынасын түсініп, соны сезініп орындаймын. Алғашқыда «қ», «ғ» тәрізді әріптерді айту қиын болды. Бірақ ән иірімімен үйреніп кеттім. Кейін әннің әр сөйлемін зерттеп, мағынасын түсіне бастадым. Осылайша қазақ тілін үйреніп кеттім», – дейді Надежда Тункина.

Надежда Тункина учит песни на казахском

Надежда ашық аспан астындағы бейбіт күн, тыныштық пен тұрақтылықты осылай әнге қосады. Себебі Ростовка ауылында туып-өсті, білім алып, шығармашылығын шыңдады. Өмірлік жарын кездестіріп, отбасын құрды. 13 жасында сахнаға шыққанда өнеріне де бірінші болып жерлестері куә болды.

казахский язык через казахские песни

«Алғаш сахнаға шыққанда қобалжыдым. Баламын ғой енді. Оның үстіне қазақ тілінде ән айтқалы тұрмын. Алғашқы әуенді орындай бастағанда көрермен қолдап, қолшапалақтады. Сол кезде еркіндік пайда болып, сәтті орындап шықтым. Кейін көрермен тек қазақ тілінде ән айтсам ғана қабылдайтын болды», – дейді Надежда Тункина.

библиотекарь села Ростовка Гаухар Манкеева

«Надежданы оқушы кезінен әнші ретінде білемін. Қазір мен кітапханашымын. Надежда қазірдің өзінде үнемі кітап алып жүреді. Қазақ тілінде жазылған кітаптарды көп алады. Осылай қазақ тілін жаттықтырып жүргенін айтады. Өте ізденімпаз адам», – дейді Ростовка ауылының кітапханашысы Гаухар Манкеева.

Ол орыс мектебінде оқыған. Ал қазақ тілінде мектепте пән олимпиадаларынан үнемі жүлделі орын алған. Қазір облыстық ән байқауларда жүзден жүйрік шығып жүр. Сондықтан ұлттық өнер Надежда үшін бойтұмар іспеттес.

Саулегуль Кабдрасулова музыкальный наставник

«Мен музыкалық жетекші ретінде екеуіміз көп ақылдасып, кеңесеміз. Кейде қазақ тілінде қиын айтылатын сөздер болса, Надежда маған қайта-қайта келіп, сол сөзді дұрыс айтқанша дамыл таппайды», – дейді музыкалық жетекшісі Сәулегүл Кабдрасулова.

Оның мамандығы – аспаз. Алайда өмірін өнермен байланыстырып отыр. Тәттімбет атындағы өнер колледжінде білімін жалғастыруда. Қазір Ростовка ауылындағы Мәдениет үйінің меңгерушісі. Барлық шараларды өзі ұйымдастырады. Ауыл балаларына арнап вокал үйірмесін жүргізеді.

вокальный кружок для сельских детей

Надежда Тункинаның ата-анасы мен жолдасы – орыс этносының өкілдері. Болашақта балаларын қазақ мектебіне беруді жоспарлап отыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное