Среда, 11 декабря, 2024
ДомойАвторские колонкиЛюдиБарлық қолдардағы шебер: 78 жастағы Кайролла Адамиянов шөп шабып, жәдігерлерді қорғайды

Барлық қолдардағы шебер: 78 жастағы Кайролла Адамиянов шөп шабып, жәдігерлерді қорғайды

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылының 78 жастағы тұрғыны дала төсін дүбірге бөлеп жүр. Қайролла Адамиянов былтырғыдай шөптен тарлық көрмеу үшін іске қазірден кіріскен.

Таңмен таласа Қайролла Адамиянов шабындыққа асығады. Ораған сайлап қырдағы жұмысқа кіріседі. Қысқа қор жинау қазірден басталу керек дейді ол. Былтыр жайылымда шөп аз болса, биыл керісінше көп. Шекесінен шертіп жүріп шабуға болады. Алайда толассыз жаңбыр  қырдағы еңбекке кедергі келтіреді. Дегенмен қазіргі шөптің шығымы жақсы. Егер 2-3 күн ішінде жинап алмаса шөптің бойындағы нәрі жойылып кетуі мүмкін.

Житель села Еркиндик

«Бұл адам жейтін шөп. Малға қимайсың. Мына шөпке жемнің керегі жоқ. Шабылған шөп 4-5 күн жатса қурап кетеді. Үш күннен кейі жинап алу керек. Шөп көгеріп кетсе, мал уланып қалуы мүмкін. Қазақта шабан үйрек бұрын ұшады деген сөз бар. Қысқа шөпті шауып алып жатырмыз. Мал азығы молынан болу керек», — дейді ақсақал.

Қайролла ата биылдыққа 20 тонна шөп шауып үлгерген. Аптап ыстыққа қарамастан  осылай дала төсін дүбірге бөлемекші. Шынжыр табанның шаңын жұтып, еңбек ету жан рахаты, дейді.

«Менің балам, шөп шаппа ұят болады дейді. Ал мен шөп шапқанда демалыста жүргендей боламын.Мына ауа, шөптен бөлінген газдың өзі сізге ем. Адам көп қимылдаса, кәрілікке беріле қоймайды. Мынандай табиғатта жұмыс жасамай, үйде қымыз ішіп, тамақ жеп, ұялы телефонға қарап отырған ұят емес па?», — дейді Қайролла Адамиянов

Кайролла ата

Ол кез-келген техниканы өзі жөндейді. Трактордың жарылған алып дөңгелегін ешкімнің көмегінсіз ауыстыра алады. Оған керек жарағы сақадай сай. Ауласында тұрған мына қоймалар  сайманға толы. Темір жәдігерлерін 30 жылдан бері жинап келеді.

«Керек тастың ауырлығы жоқ дейді ғой қазақ. ЮМЗ-ның да саймандары бар менде. Сұрап келетіндер көп. Көрші ауылдағы тұрғындар да келіп жатады. Мына саймандардың біріктіріп бір екі техника құрастырып шығуға болады», — дейді Қайролла Адамиянов.

Изобретение

Ақсақалда көнеден жеткен көрік бар. Бабадан атаға, әкеден балаға қалған мұра. Ол ұста, зергерлердің құралы. Түрлі металды бал­қы­тып, өңдеу үшін оттыққа жел беріп тұратын құрал. Ұс­талықтың пірі Дәуіт пай­ғам­бар ұстағандықтан  оның  керемет киесі, емдік қасиеті бар.

«Әлі есімде ауыла бір бала көтере алмай жүрген әйел, көрік үйге түнегеннен кейін кішкентайлы болды. Бір ақсақалдың көзіне ақ түскендеде осы көрікпен үрген уақытты жазылып кетті», — деп еске алады қария.

Самовар

Қазақстандағы ең көлемді самаурынды да осы үйден табасыз. Тек жезден жасалған, биікті 1 метр. Сыйымдылығы 40 литр.  Жәдігердің барына 100 жылдан асқан. Қазір той домалақта, қаза болған кезде  асқа ауыл тұрғындары пайдаланыды. Бұл кезінде мыңғырған малы бар байдан қалған дүние екен.

«22-23 үш жыл бұрын нағашыларымнан осы самаурынды 1 бие мен өгізге сатып алғанмын. Қарекең руының бір байынан қалған жәдігер екен. Самаурынға ағаш толтырып салса, 3-4 минутта қайнайды. Сатшы деп келген адамдар болды. Музейге тапсыршы деп сұрағандар да бар. Бірақ көненің көзі ғой. Ескерткіш болып өзімде болады», — дейді Еркіндік ауылының тұрғыны Қайролла Адамиянов.

Қайролла Адамияновтың  4  баласы бүгінде сан саланың мамандары.  Бүгінде олар  21 немере мен 4 шөберені  еңбекке баулып, тағылымды тәрбие беруде.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное