Четверг, 10 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиТракторшы келін: «Трактор жүргізу әу баста арманы болмады»

Тракторшы келін: «Трактор жүргізу әу баста арманы болмады»

Кеңес одағының дүрілдеп тұрған тұсында әйелдер к-700 тракторымен жер жыртып, комбайнмен егін оратын. Бүгінде заман басқа. Көгімізде көк байрақ желбіреп, тәуелсіз ел болғалы қыз-келіншектерді ауыр жұмысқа жегу тоқтады. Дегенмен, өз қалауымен осындай қадамға баратын жандар ел ішінде кездесіп қалады. Соның бірі Қарағанды облысында тұратын Арайлым Байдашова. Ол осымен 4 жыл бойы траткор тізгіндеп, шөп шауып жүр. Жұмыс барысында желіге салынған видеолары әлеуметтік желіде көп қаралым жинайды. Жалпы қарапйым трактордың жалпы салмағы 4 тоннадан асады.

Трактористка

Бұндай ауыр техниканы басқару әйел түгілі ер адамға оңай емес. Ал Арайлым шөп шауып , қыстаққа тасмалдайтын дәрежеге жеткен. Биылдың өзінде бірнеше гектар жерді жыртып, 120 тоннадан астап шөп жинаған.

«Жолдасым үйдегі жалғыз ұл болғандықтан, жазғы шөп шабу науқанында ешкім көмекке келмейді. Сондықтан жан-жарыма қолғабыс етейін деп тракторды меңгеруді шештім. Бастапқыда өте қиын болды. Жолдасымнан ұрыста естідім. Қазір маған бұл кәсіп ұнайды. Трактор жүргізіп келе жатқанда өзімді қыран құстай сезінемін. Кейде көршілер ағайын туыстар мені трактормен келе жатқанда танймай қалады. Білген соң таңқалып риза болады», — дейді Арайлым Байдашова.

Сонымен қатар кейіпкеріміз алып техниканы жетік меңгерген. Бұзылған көлікті өзі жөндеп, қосалқы бөлшектерін ауыстыра береді.

«Трактордың дыбысы өзгерсе, техниканың бұзылайын деп тұрғанын сезеді. Мысалы жеңіл көлікпен жиі аудан орталығына барады. Орта жолда дөңгелегі жарылып қалса, менің көмегімсіз бірден ауыстырып алады. Биыл шөп жинау науқанында көп қолғабыс етті. Жемісі сол, малға қысқы азықты комдап алдық. Сонымен қатар сатып да кәдемізге жараттық», — дейді күйеуі Дарын Ізтілеуұлы.

Арайлым-Байдашева

Арайлым Байдашова есеп және аудит маманы. Бұған дейін Жылжымайтын мүлік орталығында қызмет еткен. Шаруа қожалықтарындағы үйдің, қоражайдың өлшемін жасаумен айналысқан. Болашақ жарымен де осы жұмыста жүргенде танысыпты. Қыстаққа келін болып түсіп, трактор жүргізу үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады.

«Жұмыспен қыстақтарға келгенде бастығым Арайлым, сен осындай қыстаққа келін болып түссең, не істер едің?,- деп сұрайтын. Мен сонда құдай сақтасын дейтінмін. Соған қарағанда құдай сақтамаған болып шықты ғой. Бірақ тағдыр осылай болды. Жұмыспен осы қыстаққа келгенде өмірлік жолдасыммен таныстым. Үш айдан кейін алып қашты. Бүгінде бақытты отбасымыз. Үш ұлымыз бар», — деп ағынан жарылды Арайлым.

Женщина на тракторе

Іске епті келіншек қыста қар көлігін тізгіндеп, мал да бағады. Себебі бұл уақытта атпен жүру қиындай түседі. Соған қарамастан ол Үй мен түздегі жұмысын таспалап, тик ток әлеуметтік желісіне шығарып отырады. Мақсаты ауылдың мол дәулет пен ырыс-берекенің көзі екендігін замандастарына көрсету.

«Маған ауылдағы тынымсыз тірлік ұнайды. Мысалы мен қазір бала күтімімен үйдемін. Бірақ сиыр, бие сауып, сиырдың сүтін сатып, бие сүтінен қымыз әзірлеп соны бизнеске айналдырып жатырмын. Айлық табысым 500 000 дейін барады. Рахат емес па? Тіпті күйеуім балаларды қалада оқытайық, көшейік деп ұсыныс білдірген болатын. Бірақ мен келіспедім. Себебі қаланың қарбаласы, ауылдың тірлігіне тантымайды», — деп сөзін түйіндеді Арайлым Байдашова.

Арайлымның қазіргі тракторы ескіріп қалған екен. Сондықтан туған күнінде жолдасына жаңа трактор сыйласа деген арманын жасырмады. Шаруасын шалқытып отырған келіншек білген-түйгенін балаларына үйретіп, тракторға келіндерімді де баулыймын деп отыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное