Понедельник, 5 октября, 2026

Бір отбасы — бір шахта: «Абай» шахтасындағы Склеповичтер әулеті

династия Склеповичей на «Абайской»

Кенші — мәртебелі мамандық. «Абай» шахтасы Склеповичтер отбасы өмірінің ажырамас бөлігі іспеттес. Әулеттің үлкендері салған сара жолды жастары лайықты жалғастырып келеді. Бүгінде Сергей, әйелі Тамара, Тамараның әпкесі және ұлы Никита бір шахтада жұмыс істейді. Себебі олардың көздеген мақсаты мен мүддесі ортақ. Екпінді еңбегімен елге етене танылған үлгілі әулет жайлы біздің түсірілім тобымыздың материалынан білейік.

Склеповичтер әулетінің негізін қалаушы — Эдуард Иосифович. Ол Беларусьтен Қазақстанға 1979 жылы келген. Шахтада еңбек еткен. Артынша оның бауыры Феликс те Қазақстанға келіпті. Екеуі де өмірінің көптеген жылдарын жер астында еңбек етуге арнады. Қажырлы қызмет атқарып, зейнет жасына жеткенде абыроймен зейнетке шықты.

Эдуард Иосифович

Ал Сергей әкесі мен көкесінің ізін жалғады. «Абай» шахтасында еңбек еткеніне 25 жыл болды. Ширек ғасыр ішінде ол қатардағы слесарьдан қауіпсіздік техникасы мен желдету учаскесінің механигіне дейін өсті.

«Бүгінде көптеген оң өзгерістерді атап өтуге болады. Шахтада жабдықтар жаңартылып жатыр. Барлық жерде камералар мен газды бақылауға арналған жақсы аппаратура орнатылған. Мұның бәрі жағдайды бақылап, уақытында шара қолдануға мүмкіндік береді», — дейді кенші Сергей Склепович.

Тамара Склепович

Сергейдің әйелі Тамара Склепович те «Абай» шахтасында сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істейді. Ол сорғылар мен вакуумдық қондырғыларды қадағалайды, қысым мен газ көрсеткіштерін бақылайды.

Ал ұлы Никита — маркшейдер. 2022 жылы шахтаға студент кезінде тәжірибе жинау үшін келген. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін осында қалуға шешім қабылдаған. Оның жұмысында ең бастысы — дәлдік: өлшеу, есептеу және тау-кен қазбаларының бағытын белгілеу.

Сын Никита — маркшейдер

«Маған әртүрлі міндеттер ұнайды: қазба бағытын белгілеу, нивелирлеу, есептеу, өлшеу. Дәл болу керек. Мұнда шамалауға орын жоқ», — дейді маркшейдер Никита Склепович.

Қазір Никита бас маркшейдердің міндетін де атқарады. Оның жасында бұл — маңызды кәсіби белес. Оның айтуынша, кеншілер әулетінің бір мүшесі болу — зор мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік.

Сын Никита — маркшейдер

«Мен отбасымның атына кір келтірмеуге тырысамын. Жанұямызды жақсы жағынан көрсеткім келеді. Себебі менің абыройымның артында үлкен әулеттің биік беделі тұр деп санаймын», — дейді бас маркшейдердің міндетін атқарушы Никита Склепович.

Ал Тамара үшін шахта бұрыннан отбасылық өмірдің бір бөлігіне айналып үлгерген. Үйдегі үлкен дастархан басында жұмыс туралы әңгіме де күнделікті тұрмыстық тақырыптар сияқты табиғи өрбиді.

«Мен үшін әулет — тек мамандық емес. Мұнда отбасылық, патриоттық рух бар. Шахта біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды», — дейді Сергей Склеповичтің жұбайы Тамара Склепович.

Сергей

Склеповичтер отбасында ерекше сәйкестіктер де бар. Тамараның қызы Кеншілер күнінде дүниеге келген. Ал Никита үшін шахта бала кезінен таныс: оның бөлмесінде жерасты қазбаларының картасы ілулі тұрған.

«Әкесіне солай ыңғайлы болды, картаға қарап бағыт-бағдар алатын. Ал Никита бала кезінде «Анашым, менде таңдау болмапты ғой» деп әзілдейтін», — дейді Тамара Склепович.

Склеповичтер әулеті Кеншілер күнін дәстүр бойынша аулада, үлкен дастархан басында атап өтеді. Олардың еңбек жолы «Абай» шахтасымен тығыз байланысты. Ордалы отбасының үлкендері қалыптастырған үлгілі жолды ұрпақтары сабақтастықпен лайықты жалғастырып жүр.

Как вам материал?

Пока нет комментариев — будьте первым.

Оставить комментарий