Қарағанды облысы, Шет ауданы Батық ауылында йогамен айналысатын зейнеткер тұрады. Құралды Жұмағалиев 70 жасына қарамастан шпагатқа еркін отырады. Бір қызығы ол арнайы спорт залдарға барып үйренбеген. Бар болғаны үйіндегі шағын бөлмесінде білетін жаттығуларының басын біріктіріп, күнделікті шынығуды әдетке айналдырған. Ол шынықсың шымыр боласың, һәм шиыршық атып шыңдаласың деп біледі. Ақсақал бастапқыда бұл жаттығулардың «йога» деп аталатынын білмеген.
Ол денеге сергектік беретін элементтер үнділердің көне спортымен үндесіп жатқанын кейін естіген.
«60 жастан асақан соң, жылдам шаршап, аурушаң болып кеттім. Содан кейін ғаламтордан осындай жаттығуларды байқап жаттыға бастадым. Оның иога деп аталатынын қайдан білейін? Осы жаттығуларды жасап жүргенімді көршілерім көріп, солар бұл иога деп айта бастады. Кейін толығырақ зерттей түстім. Бел омыртқа деген икемді болуы қажет. Жас келген сайын еразаматтың аяғы жүргізбей тастайды. Сондықтан спортты бастау керек.», — дейді зейнеткер.
Құралды Жақияұлы йогамен 43 жасынан бастап қана шұғылданады. Ол кездері ақсақал тіпті 16 келі салмақтағы кір тасын еркін көтеріп, түрлі трюктарда жасапты. 70 жасындағы тау тұлғасына қарамастан кез-келген қиын деген жаттығуды ырқына көндіреді. Иога бұлшық етті нығайтады. Адамның тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіріп, денені иілгіш етеді. Бұған қоса буынға, мойынға, тізеге, желкеге, омыртқаға тұз жиналмайды.Остеохондроз ауруы ағзадан аулақ жүреді.
«Әйелім жиі ауырамын деп шағымданып жүреді. Мен күнде оған бірге жаттығайық деп сұранамын. Мысалы мен 43 жастан кейін сырқаттанып көрген адам емеспін. Осының барлығы иогамен айналысқанымның арқасы. Ауылдағы тым толық азаматтарға да салауатты өмір салтын сақтаңдар деп жиі айтып жүрем. Олар біз күні түні қолымызда күрек, жұмыс жасап жүреміз, соның өзі спорт дейді. Бірақ арнайы жаттығу жасамаса, бұл спортқа жатпайды. Сондықтан үнемі шымыр жүруге тырысу керек», — дейді Құралды Жақияұлы.
Қария шпагатқа да ойланбай отырады. Қазір немерелерін де осындай қарым қабілетті болуға баулып жүр.
«Бастысы бұл жаттығуларақыл-ойды, денені және рухты біріктіреді», — дейді ақсақал.
Иогадан бөлек, таңы жаттығуды үзбейді. Спортты серік еткен зейнеткер бұл тың жүрудің кепілі деп біледі. Жүгірмесе де жарты сағат таза ауада жаяу жүріп, физикалық қабілетін арттырады.
Құралды Жақияұлының Батық ауылында өзінің жеке шаруа қожалығы бар. Төрт түлікті өріске өргізіп, ата кәсіпті дамытып жүр. Мемлекеттік бағдарламалар көмегімен асыл тұқымды ақбас сиырларын өсіруде. Қазір шаруашылық қысқы мал азығын әзірлеп шөп жинау жұмысына кіріскен. Ал зейнеткерлікке дейін совхозда шопыр, бригадир, инжинер тәрізді қызметтер атқарған.