Воскресенье, 19 января, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиБуран арқылы соқыр: Симбат Ешанов трассада адамдарды қалай құтқарып, Интернеттің қаһарманы болды

Буран арқылы соқыр: Симбат Ешанов трассада адамдарды қалай құтқарып, Интернеттің қаһарманы болды

Қарағандылық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сымбат Ещанов интернет жұлдызына айналды. Аға сержант жаңа жылдық демалыс кезіндегі қарлы боранда ерекше ерлігімен көзге түскен. Жол көрінбес бұрқасында құтқарушы көліктердің алдында жүгіріп бағдар беріп отырған.

Оқиға Осакаровка кентінің маңындағы Алматы-Екатеринбург жолында орын алған. 3 қаңтарда кезекшілікке шыққан Сымбат Ещанов бірнеше сағаттан кейін әріптестерімен бірге 30 адамдық автобусты құтқаруға шығады. Әріптестері түсірген бейнеролик әлем желіге лезде тарап, әп-сәтте миллион қаралым жинап үлгерген.

Симбат Ешанов

«Үй-ішім енді уайымдайды, маған звондап отырады. Сол күні видеоны көріп, маған звондап «неге олай жүресің?» деп айтты. Енді жұмыс болғаннан кейін жүреміз. Танып жатқандар көп, таныстар звондап, видеоның сілтемесін жіберіп жатыр. Батыр деп санамаймын өзімді. Бұл енді жұмыс болғаннан кейін – біздің міндетіміз», – дейді №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сымбат Ещанов.

Сымбаттың міндеті – көлікті тізгіндеп, құтқарушыларды көмек керек жерге жеткізу. Сондықтан боран кезінде жүргізушілердің жағдайын одан жақсы түсінетін ешкім жоқ. Бейнеролик түсірілген күні 40 адам мен 3 көлік эвакуацияланған. Бұл салада жүргеніне 12 жылдан асқан маман 3 қаңтардағы оқиға ол үшін әдеттегі жағдай екенін айтады.

Машина спасателей

«Ол бірінші рет емес, бізде осындай ауа райында жаман көрініс болған кезде жүреміз солай алдында. Барған кезде жағдайды көрдік. Бүкіл адамды – 30 адамды – вахтовый КамАЗға отырғызып, қалғанын трэколға отырғызып келе жатқанда жол көрінбей қалды. Сол кезде мен алдына шығып жүгіріп отырдым», – дейді №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сымбат Ещанов.

Сымбат Ещанов өз жұмысын сүйіп істейді. Құтқарушы – адал жар, сүйікті әке, жұбайы екеуі бір баланы тәрбиелеп отыр. Әріптестері оның ақкөңіл, өз ісін білетін маман екенін айтады.

Шынгыс Нурсейтов

«2012 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің бірге жұмыс істеп жатқанымызға көп болған жоқ. Бірақ осы аз уақыт ішінде ол өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда. Әрқашанда төтенше жағдайлар болмасын, басқа да қызметтік жағдайлар орын алған жағдайда өз қол ұшын созуға әрдайым дайын», – дейді Осакаров ауданы ТЖБ бастығы Шыңғыс Нұрсейітов.

Спасатели карагандинского пожарного подразделения

Осакаров ауданы тарих беттерінде «Аса қарлы» деп аталған. Өңірде 2 өрт сөндіру бөлімі, 40 қызметкер жұмыс істейді. Былтырдың өзінде 30-ға жуық авариялық-құтқару жұмыстары жасалған. Қыстың екінші айы енді басталды. Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары алда әлі де боранды күндер болатынын еске салып, жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауға кеңес береді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное