Понедельник, 17 марта, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиШекарасыз би: Қарағанды хореографы ерекше қажеттіліктері бар балаларға бал билерін үйретеді

Шекарасыз би: Қарағанды хореографы ерекше қажеттіліктері бар балаларға бал билерін үйретеді

Қарағандылық хореограф Шахнұр Мусин мүмкіндігі шектеулі балаларды биге тегін үйретеді. Ең басты өзгешелік би алаңына олар жұп ретінде ата-анасымен бірге шығады. Нұргүл Жұрқабаеваның паркетке аяқ басқанына екі жыл. Мұнда ол ұлы Көркеммен бірге бал билерін үйреніп жүр. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше байқауға қатысып,жүлделі болып үлгерген. Алғашында қорқыныш пен күдік болғанымен, қазір ұлы дайындық күнін асыға күтеді.

«Көп ортада болдық. 16 жыл бойы көп қиындықтарды көрдік. Белгілі бір өзіндік білімі жоқ болса да осындай балалармен қалай жұмыс жасау керектігінен, бірақ өзінің жүрегінің кеңдігі балаларға деген көңілімен бізге өте қатты ұнады. Апта сайын күтіп отырамыз, балалар да күтіп отырады. Балалар да біледі қай күні болатынын. Осымен үшінші биіміз биылдыққа үйреніп жатқан. Ең бірінші вальс, чачача, қазір полонез деген өте ертеде шыққан біз болып саналады бұл сонымен шығамыз», — дейді ерекше баланың анасы Нұргүл Жұрқабаева

танцы особых детей

10 жастағы Әлішердің диагнозы аутизм. Анасының сөзінше би оның қоғамға бейімделуіне көп көмектескен. Өзін өзі ұстау, хореографты тыңдау, тәртіпке бағыну бастапқыда өте қиын болған.

Выступление

«Әрине, қиындықсыз болмайды ғой. Ол қырсықса сахнадан қашып кетуі де, билемей қоюды да мүмкін. Байқау кезінде ата аналар бәріміз бірге уайымдап отыратынбыз. Бірақ қуанышымызға орай олай әлі бола қоймады. Әрине басында сенімсіздік те, қорқыныш та болды. Қолымыздан келе ме деп уайымдадық. Бірақ уақыт өте келер олар қолынан келетінін көрсетті», — дейді ерекше баланың анасы Анара Әбішева

Танцоры

Шахнұр Мусиннің негізгі мамандығы экономист. Дегенмен 7 жасынан бері сахнада, бал билері бойынша Қазақстан чемпионы, әлем кубогының иегері. Хореограф ретінде он жылдан аса би үйретіп келеді. Бастапқыда ол арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға сабақ берген. Қазір үйірмесінде аутист және көзі нашар көретін жандар бар. Балалар оған шабыт беріп қана қоймай, кіршіксіз махаббаттың не екенін көрсеткен.

«Егер аутист бала биді ұнатса, дайындық кезінде барын салатын болады. Сені тыңдайды,әр дайындыққа асыға келеді. Кейде аналары айтып жатады бала аптасына сіздің есіміңізді жүз рет қайталайды деп бұл оның биге келгісі келетінін көрсетеді. Бұл биге деген, маған деген махаббат мен үшін мың алғыстан бағалы. Бұл кіршіксіз махаббатты сезіну өте тамаша сезім. Мен үшін өте қымбат сезім дер едім», — хореограф Шахнұр Мусин.

Танцы детей с аутизмом

Биде шекара жоқ. Бұл Шахнұр Мусинның өмірлік ұстанымы. Қазір оның үйірмесінде 4 ерекше жұп бар. Дегенмен хореографтың айтуынша бөтен адаммен билеу олардың қоғамға тезірек бейімделуге көмектеседі. Сол үшін қатарына биге қатысқысы келетін еріктілерді шақырады. Дайындық аптасына бір рет әр сенбі, кеншілер сарайына өткізіледі.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное