Понедельник, 19 октября, 2026

Qarmet Machinery токарі Қарағанды облысының үздік жас мамандар тәлімгері атанды

Токарь Qarmet Machinery стал лучшим наставником молодёжи

Қарағанды облысында кәсіби еңбегімен ерекшеленіп қана қоймай, жас мамандармен өз тәжірибесімен бөлісіп, олардың еңбек жолында сенімді қадам басуына көмектесіп жүрген үздік тәлімгерлер марапатталды. «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша Qarmet Machinery кәсіпорнының токарі жеңімпаз атанды. Бұл марапат — оның кәсіби шеберлігіне берілген баға ғана емес, сонымен қатар жас мамандарды даярлаудағы тәлімгерліктің маңызын айқындайтын құрмет.

Жарасқан Әбдрешов үшін тәлімгерлік — кәсіби дағдыларды өзгелерге үйретудің маңызды жолы. Ол жылдар бойы жинаған мол тәжірибесімен үнемі бөлісуге дайын. Фрезерлік және жону станоктарында жұмыс істеуге әбден машықтанған азамат бүгінде білікті маманға айналған. Әріптестері оның ептілігі мен қырағылығына, темір жонудағы икемділігіне тәнті.

Жараскан Абдрешов

«Біз Теміртау қаласындағы көмір департаментімен тығыз байланыстамыз. Кәсіпорнымыздың жұмысы бір сәтке де тоқтамайды. Жабдықтар жасау арқылы өндіріс алға басып келеді. Әрбір жетістігіміз — Жарасқан Әбдрешов сынды тәжірибелі азаматтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі дер едім», — дейді «Qarmet Machinery» ЖШС-нің бас инженері Виктор Лысенко.

Миллиметрге дейінгі дәлдік, әрбір бөлшекке назар аудару және көпжылдық тәжірибе — Жарасқан Әбдрешов шеберлігінің басты негізі. Темір жонудың шебері күрделі бөлшектерді дәлме-дәл жонып, өндірістің алға басуына үлес қосып келеді.

Работа на производстве

«Темір жону, станокта жұмыс істеу үлкен жауапкершілік пен аса қырағылықты қажет етеді. Ең алдымен, сақтық шараларын сақтау маңызды. Соның арқасында тапсырмаларды сәтті орындауға болады. Еңбек жетістіктеріне арналған байқауға қатысу өмірімдегі ерекше оқиға болды. Бұл күнделікті жұмысыма деген жауапкершілігімді арттыра түсті», — дейді темір жонушы Жарасқан Әбдрешов.

Жарасқан Әбдрешов жас мамандарға темір жону станогында жұмыс істеуді үйретеді. Өндірістегі негізгі ережелерді түсіндіріп, тәжірибесімен бөліседі. Сала жыл сайын өзгеріп, жаңа технологиялар мен жабдықтар пайда болуда. Сондықтан кәсіби өсу үшін үнемі іздену маңызды деп есептейді темір жонушы.

Токарное дело

«Өндірісте аса байыппен әрекет етіп, барлық талапты сақтау маңызды. Бізге үйренуге ынталы жастар көп келеді. Мен кәсіпорындағы автоматтандырылған жабдықтардың үздіксіз жұмысын бақылаумен ғана шектелмеймін. Жас мамандарды оқыту кезінде олардың әрбір әрекетін қадағалап, дер кезінде кеңес беріп, қателіктердің алдын алуға тырысамын. Өндірісте жұмыс істеу әрқашан менің сүйікті ісім болды», — дейді темір жонушы Жарасқан Әбдрешов.

Настоящее мастерство

Жарасқан Әбдрешов үшін нағыз шеберлік — өз жұмысын мінсіз орындау ғана емес, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізе білу. Өйткені бүгінгі шәкірттер мен жас мамандар ертең өндіріс дәстүрін жалғастырып, өз ісін дамытып, кәсіпорынның өркендеуіне үлес қосады. Ол тәлімгерліктің басты құндылықтарының бірін осыдан көреді: жастарға кәсіби білім мен дағдыларды ғана емес, еңбекке деген жауапкершілік пен адалдықты да үйрету.

Как вам материал?

Пока нет комментариев — будьте первым.

Оставить комментарий