Вторник, 13 мая, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚұрт, үй ірімшігі мен май — көнеден қалған әдіспен: Нәсіпгүл Жұмажанқызының сүт...

Құрт, үй ірімшігі мен май — көнеден қалған әдіспен: Нәсіпгүл Жұмажанқызының сүт шеберханасы

Қарағанды облысында 80 жастағы қария сүттен бірнеше өнім әзірлейді. Осылайша отбасымен ауыл тұрғындарына адам ағзасына пайдалы тағам ұсынады. Сол өңірдегі әріптесіміз Нәсіпгүл Жұмажанқызы жасаған ұлттық тағамдардың дәмін татып көрген еді. Қарияда құрт жасаудың өзіндік тәсілі бар. Тұз қоспайды, іріткінің қышқыл сөлінің өзінен дәмді шығады дейді. Сонда құрт көгермейді, ұзаққа сақталады.

Из молока полезные и вкусные продукты

«Кешкісін сауылған сүтті таң атқанша тынықтырып қоямын. Таңертең сүзгіден өткізіп, ашытуға қоямын. Бұл – күн сайын қайталанатын әдетім. Осы ретпен дайындалғандықтан да менің құрттарым ерекше дәмді болып шығады. Ол ашып кетпейді, нәрін жоғалтпайды, қайта керісінше, өзіндік тәттілігі мен хош иісін сақтап тұрады», – дейді зейнеткер Нәсіпгүл Жұмажанқызы.

Метод изготовления курта

Жыл он екі ай бұл үйден құрт үзілмейді. Жазда күніне 20 келіге дейін жасайтын кездері болады. Қыста бір тәулік ішінде кептіретін мынандай апаратқа салады. Бір ғана сиыр сүтінен зейнеткер бірнеше тағам түрін ұсынады. Айран ұйытып, май кеулейді, бал қаймағының дәмі тіптен бөлек. Сары ірімшікті сүтті мәйекпен ұйыту арқылы әзірлейді. Құрамында макро-микро элементтердің барлығы бар. Сондықтан қысқа қап-қаптап сақтап қояды.

Домашний сыр

«Біздің ірімшігіміз сағызша созылып, үлпілдеп жұмсарып, ауызда еріп кететіндей болады. Дәмі де, жұпар иісі де ерекше. Сиыр сүтін ашытып, айран ұйытамыз. Сол табиғи, қолдан жасалған ас арқылы бойымыз өсіп, сана-сезіміміз қалыптасты. Ауырған-жұққан дегенді білмедік. Бір ғана сиыр бүтін бір әулетті асырай алатын. Сүтін ішіп, майын шайқап, құрт-ірімшік жасап, барлығын кәдеге жарататынбыз. Сары майды да өз қолымызбен шайқаймыз, дүкеннің майын есту түгілі, қажетсінбейтінбіз де. Ал майдан қалған сарысу да босқа кетпейді. Оның да өз орны, өз пайдасы болатын», – деп еске алады Нәсіпгүл Жұмажанқызы.

Натуральные молочные продукты

Ал бұл табиғи сыр. Жаңа сауылған сиыр сүтінен жасалады. Ірімшік сары судан ажыратылғаннан кейін май мен ас содасы, біріктіру үшін жұмыртқа қосылады. Сиырдың сүті қазақты мәңгі асырайды дейді қария. Себебі 100 грам сүтте 300 грамға жуық ақуыз, оңай сіңірілетін кальций мен фосфор қосындысы бар. A1, B2, D тәрізді пайдалы дәрумендерден тұрады.

Гульжанат Келдибекова

Анам әрдайым: «Нағыз айран — қасықты тік қойсаң, құламай тұратын қою айран», – деп отыратын. Біз дәл сондай қою, нәрлі айранмен өстік. Ол кезде әр тағамның дәмі де, шипасы да болатын. Ауыл әйелдері күні бүгінге дейін: «Нәсіпгүл Жұмажанқызының құртының жөні бір бөлек», – деп таңдай қағып айтып отырады. Анам кей кездері құрттың бетін қасықпен өрнектеп, ою түсіретін. Бәліштің бетіне салынған бедер секілді әдемі өрнекпен әрленіп тұратын.

Творожную масса

«Қонақ келгенде дүкен аралап, азық іздейтін емеспіз – дастарханға үйдің өз тағамдарын қоятынбыз. Тек бауырсақ пісіретінбіз. Оған қоса құрт, сары май, ірімшік, сүзбе – бәрі өз қолымыздан шыққан, табиғи тағамдар. Ешкім аш қалмайтын», – дейді зейнеткер Нәсіпгүл Жұмажанқызы.

Домашний натуральный сыр

Нәсіпгүл Жұмажанқызы 80 жасқа аяқ басты. Еңбек адамы үшін қол қусырып отыру жат. Дастарханында үнемі сиыр сүтінің өнімі тұрады. Осындай пайдалы тағамның арқасында денсаулығы сыр бермейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное