Вторник, 13 мая, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиӨмірге арналған 77 жыл: Күлшайда Шоқанқызы — Шет ауданының аңызға айналған акушері

Өмірге арналған 77 жыл: Күлшайда Шоқанқызы — Шет ауданының аңызға айналған акушері

Қарағанды облысында 300 балаға кіндік ана атанған ардагер дәрігер бар. Күлшайда Шоқанқызының еңбек өтілінде ана мен бала өлімі тіркелмеген. Далада, көлікте, үйде толғағы қысқан әйелдердің жанын өлім мен өмір арасында құтқарып қалған. Сол өңірдегі әріптесім Гүлбақша Беркінқызы жалғастырсын.

легендарный врач

Күлшайда Шоқанқызы араға жылдар салып Талды ауылында еңбек еткен емханаға қайта келді. Осындағы дәрігерлер — оның шәкірттері. Дәл осы мекемеге 24 жыл қызмет еткен. Тәуліктің қай мезгілінде болмасын сапта тұрды. Толғағы қысқан келіншектерді үйде босандырған сәттері әлі көз алдында.

«Бір күнде екі әйелден толғатқан күндері болатын. Сондай сәтте не істеріңді білмей қорқып тұрасың. Ал ол әйел шырылдап жатады — оны қайда апарып тастайсың, апаратын жері жоқ. Көлік жоқ. Жол жаман, жүре алмайсың. Бір жолы Байбала деген ауылға шақырту түсті. Су тасып, қатты ағып жатқан кез еді. Жедел жәрдем көлігі өте алмайтын болды. Сосын не істеймін — аяғымды шешіп тастап, жалаңаяқ судан өттім ғой. Содан барсам, әйел шынымен толғағы қысып, туудың алдында екен. Аман-есен босандырып алып, қайтарда тағы да суды жалдап келгенім бар», — дейді ардагер дәрігер Күлшайда Шоқанқызы.

потрёпанный чемодан

Бұл чемодан — Күлшайда дәрігердің кезіндегі сенімді серігі еді. Қазіргі дәрі қобдишалардай шағын емес, көлемді. Көне дүние болса да әлі істен шықпаған. Мұнда медициналық құрал-жабдықтары үнемі сайланып тұрады. Осы ауыр чемоданды арқалап ауылдарды аралаған.

«Көктемнің уақытында жедел жәрдем көлігі болмаса, жеңіл көлікпен толғатқан әйелді қалаға жеткізбекші болдым. Бір кезде босанатын уақыты келді. Көліктің іші тар. Не істеймін? Далада бір таудың баурайына апарып, көрпемді салып, жедел далада босандырып алдым. Қазір ол бала жақсы қызметте жұмыс жасайтын беделді жігіт», — дейді акушер-гинеколог.

Медработники

Дәрігер еңбек еткен жылдары ауылдағы жалғыз маман еді. Қазіргідей бірегей қондырғылар да жоқ. Дегенмен шыбын жанын шүберекке түйіп, өз жанын аямай, науқастар жанын аялай алды. Ауылдағы әр әйел оны ақ халатты абзал жан деп құрмет тұтады.

Күлшайда Шоқанқызы в молодости

«Қалада наркозбен жасайды ғой. Бізде ондай жоқ қой. Ол кездерде, қазір ойласам, өзімнің зәрем ұшады. Сол кездерде қалай соның бәрін істегенмін деп ойлаймын. Ештеңеден қаймықпай істей беріппін. Жүкті әйелдер ешқайда барғысы келмейді, Шет ауданы орталығына барғысы келмейді, өзімде босанғысы келеді. Қарағандыға барыңдар деп қалаға жеткізіп тастаймын. Олар Қарағандыдан қашып келеді. Енді не істеймін — еріксіз өзім босандырамын», — деп еске алады Күлшайда Шоқанқызы.

Сауле Рахметоллақызы

Сәуле Рахметоллақызы, мейірбике: «Өте саспайтын дәрігер. Ол кісі еккенде білмей, сезбей қаласың. Қолы да, мінезі де жұмсақ. Толғағы қысқан әйелдермен жай, жұмсақ сөйлесіп, алдап, қолдап көмек көрсетеді. Сосын баланың қалай шыққанын да білмей қаласың. Әйелді босандырып алғанда, баланы қолына ұстағанда — өмірге адам келді деп өте қатты қуанады. Әр баланың туғанында масқара қатты қуанады».

Күлшайда Шоқанқызы қазір 77 жаста. Әр кіндік баласының есімін жатқа біледі. Үй жағдайында 4 жұп егізді босандырып алған кәсіби маман. 6 келі болып туылған сәбидің өмірін сақтап қалған ерлігі әлі елге мәлім.

Күлшайде Шоқанқызы 77 лет

«Сол кезде міндеттіміз деп ойлайтынбыз. Жасыратыны жоқ — кинода отырсаң, айқайлап тұрады: „Күлшайда Шоқановна, қайдасыз, керексіз“ деп. Бәрін тастайсың да барасың. Тойда отырсың ба, ұйықтап жатсаң да шақырып алып кетеді. Аурухана маған екінші үй сияқты болды», — дейді Күлшайда Шоқанқызы.

Гүлшайда Шоқанқызы 5 балаға өмір сыйлаған. Бүгінде 18 немереден 14 шөбере бағып отырған ардақты әже.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное