Пятница, 13 июня, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚарағандылық 76 жастағы чемпион мен оның ұлы пауэрлифтингтен әлем чемпиондары атанды

Қарағандылық 76 жастағы чемпион мен оның ұлы пауэрлифтингтен әлем чемпиондары атанды

Қарағандылық әкелі балалы спортышлар әлем чемпионатында ел абыройын асқақтатты. 76 жастағы спортшы Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алса, ұлы Қараман Абдулкәрім екі бірдей алтынды қанжығалаған. Байрақты бәсеке Норвегияда, Драммен қаласында өтті. 54 елден 1400 спортшы бақ сынаған бәсекеде жерлесіміз үздік өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Жалпы байрақты бәсекеге Қазақстаннан 50 адам барды. Жарыстың командалық есебінде Қазақстан бірінші орынға шығып отыр.

76 летний чемпион

«Әлем чемпионатында 70 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсеттім. Нәтижеге ризамын. Мақсатым – Дания спортшысын жеңу. Ол 94 жасында өнер көрсетті, ал мен 95 жасымда да жарысқа қатысамын», – дейді әлем чемпионы Дәрібай Оспанов.

Дәрібай Оспанов – Қарағанды облысы, Шет ауданы Ағадыр кентінің тұрғыны. Темір жол саласында ұзақ жыл қызмет еткен. Спортпен кәсіби түрде 56 жасында айналыса бастағанын айтады.

Награды

«Мен спортқа ойламаған жерден келдім. Ауыр жаттығулардың арқасында Азия мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атандым. 63 жасымда халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдым. Әлемдік рекордты 2021 жылы 72 жасымда Теміртауда өткен Қазақстан чемпионатында қайталадым. Гонконгтағы чемпионатқа төрт ай дайындалдым. Әрине, қиын болды, бірақ жақсы нәтиже көрсеттім. Сегіз медаль жеңіп алдым, қазір он дүркін Азия чемпионы, әлемнің үш дүркін күміс жүлдегерімін», – дейді әлем чемпионы Дәрібай Оспанов.

Кубок

Кейіпкеріміз үш бала тәрбиелеп, барлығын да спортқа баулыған. Кенже ұлы Қараманды 13 жасынан бері өзі жаттықтырады. Норвегияда өткен жарыста Қараман Абдулкәрім екі бірдей алтын медальды иеленіп, 7 дүркін әлем чемпионы атанды. Бүгінде ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем біріншілігінде де классика бойынша жеңімпаз атанып, экипировкада екінші орын иеленген. Спортшы жарыстарда өнер көрсетіп қана қоймай, Ағадыр кентінде балаларды жаттықтырады.

Караман Абдулкарим

«Әкеммен спорт залда бірге дайындаламыз. Бір-бірімізді шынықтырып, мүлт кеткен тұстарымызға бағыт-бағдар беріп отырамыз. Жарыс барысында мен ішімнен әкем жеңіске жетсе екен деп тілеп отырсам, әкем менің тілеуімді тілеп жүреді екен. Біз бағындырар белестер әлі алда», – дейді ардагер спортшының ұлы Қараман Абдулкәрім.

Дәрібай Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол осы жетістікпен тоқтамайтынын айтады. Алдағы уақытта тағы да байрақты бәсекелерге қатысып, ел намысын қорғауды мақсат етіп отыр.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное