Вторник, 18 февраля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиЕртегілер арқылы шығармашылық ойлау: Қарағандыдан келген 11 жастағы жазушы ЮНЕСКО конференциясында әлемді...

Ертегілер арқылы шығармашылық ойлау: Қарағандыдан келген 11 жастағы жазушы ЮНЕСКО конференциясында әлемді таң қалдырды

Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев ЮНЕСКО-ның 6-шы халықаралық конференциясында өз кітаптарын таныстырды. Шара Сауд Арабиясының Джубайл қаласында өткен.

Платон Нечаев

Сауд Арабиясында Платон білім беру бағдарламасының тұсаукесеріне қатысуға барған. Ұтымды сәтті пайдаланып қарағандылық оқушы келушілерге жаңа туындысын таныстырды. «Уақыттың сиқырлы компасы» атты ертегі осы конференция үшін арнайы жазылған. Оны суреттермен көркемдеу үшін оқушы жасанды интеллектті қолданған. Әр кейіпкердің өз прототипі бар.

«Мен әңгімелер жазуды 10 жасымда бастадым. Конференция кезінде мен ең кішкентай қатысушы болдым. Бәрі өте қызық өтті. Мен кітаптарымда өзімнің достарымды, Қазақстандық спортшылар мен ғалымдар туралы жазамын. Кейін олар өздерін танып қуанып жатады. Болашақта еліміздің атын шығарғым келеді», — дейді экоертегілер авторы Платон Нечаев.

Рассказы Платона

Платон конференция өткен Джубайла қаласы мен Қарағанды балалары арасында достық қарым-қатынас орнатуды ұсынды. Баласының талабын анасы да қуана қолдаған. Ирина Харитонованың өзі де авторлық білім беру бағдарламаларын шығарумен айналысады.

«Платон үйде жалғыз бала, ерке, ақылды тентек деуге де болады. Ұлымның қабілеті барын білгенде анасы ретінде қолдауым өте маңызды деп білдім. Ол өте ашық, қызығушылықтары өте көп. Болашақта одан жақсы маман шығатынына сенімдімін. Сондықтан ұлымды әркез қолдап, қанаттандыруға тырысамын», — дейді Платон Нечаевтың анасы Ирина Харитонова.

Презентация книг Платона

Бүгінге дейін жас қаламгердің 5 туындысы жарыққа шығып үлгерген. Олар қазақ, ағылшын, орыс, француз тілдеріне аударылған. Алғашқысы Қарағанды қаласының 90 жылдығына және Аппақ Байжановты еске алуға арналыпты. Қазір Платон 5-ші сыныпта оқиды. Мектеп мұғалімдері алғыр оқушының болашағынан зор үміт күтетінін айтады.

Учитель Платона

«Мен Платонға биылдан бастап қана сабақ беремін, олар бастауышты бітіріп менің сыныбыма келді. Өте ашық, ақкөңіл, ақылды оқушы. Мен оның кітап жазатынын оқу жылы басталғанға дейін естігенмін. Сондықтан маған келгенінде өте қатты қуандым. Мұндай дарынды оқушыларды қанаттандырып, ашу мұғалім ретінде менің міндетім деп білемін», — дейді Платон Нечаевтың сынып жетекшісі Марат Молдашев.

Платон в школе

Бүгінде жас автордың оқырмандарға арналған жеке сайты бар. Онда ол жеткіншектерді кітап оқуға шақырады. Платонның болашақ арманы — Олимпиада чемпионы атану. Қазірдің өзінде жеңіл атлетикамен айналысып, спортта үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Айтуынша, қаламгерлік оның хоббиі болып қала бермек.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное