Среда, 3 июня, 2026
ДомойПолезноеЛюдиҚарағанды облысының оқушысы шеберлер бас тартқан техниканы жөндеп жүр

Қарағанды облысының оқушысы шеберлер бас тартқан техниканы жөндеп жүр

Қарағанды облысында мектеп оқушысы тұрмыстық техниканы жөндеп, халықтың қажетін өтеп жүр. 14 жастағы Ерлан Нұрғалиев тіпті қаладағы кәсіби шеберлердің тісі батпаған күрделі құрылғыларды еш қиындықсыз іске қосады. Бір қызығы, ол өз еңбегін пұлдамайды. Басты мақсаты — табыс табу емес, тәжірибе жинау.

Мына теледидарды қаланың шеберханалары «жөндеуге келмейді» деп кері қайтарыпты. Бірақ бұған Ерланның өз көзқарасы бар.

Ерлан-Нургалиев мастер

«Менің 5 жасымда әкем қолыма пайка құрылғысын ұстатты. Соған қызығып, техниканы пайкалауды ойыншық ретінде көрдім. Кейін бұл әдетке айналып, істемей тұрған тұрмыстық техникаларды қайта жөндеуге кірістім. Әр техника жөнделген сайын қуанатынмын», — дейді 9-сынып оқушысы Ерлан Нұрғалиев.

Ол — Бақты ауылындағы жалғыз шебер. Қазір істен шыққан техника атаулыны ауыл тұрғындары осында тасиды. Жөнделмейтіні кемде-кем.

единственный мастер в селе Бакты

«Біз қазір тұрмыстық техникамыз бұзылса, қалаға апарып әуре болмаймыз. Ерланға жүгінеміз. Менің принтерімді жөндеп берді. Оны қаладағы шеберлер «жөнделмейді» деп өзіме қайтарған болатын», — дейді мұғалім Гүлдан Исмайлова.

Ерлан Нургалиев, ученик 9 класса

Ерлан Нұрғалиев, оқушы:

«Бастысы, ішім пыспайды. Телефонда отырғанша, техника жөндеп тастағаным артық. Тіпті жөндейтін техника болмай жатса, өзім ауылдастарыма хабарласып, сұрап аламын».

Ол жөндеуге келмейтін техникаларды қоқысқа тастамайды. Бір қарағанда маңызы жоқтай көрінетін кішкентай сым немесе күйіп кеткен транзистор бүкіл жүйенің жүрегі болуы мүмкін. Бұл жолы да істен шыққан теледидар қалдық бөлшектің арқасында қайта сөйледі.

Гульмира Оразбекова

«Ерлан кейде өзі келіп: «Мұғалім, бұзылып қалған техникаларыңыз жоқ па?» — деп сұрап тұрады. Сонымен қатар қалдық заттардан түрлі бұйымдар жасайтын да өнері бар», — дейді мектеп директоры Гүлмира Оразбекова.

Ерланның шеберлік жолы небәрі 7 жасында қарапайым шәйнекті жөндеуден басталыпты. Кейін қызыққаны соншалық, далада керексіз жатқан техникаларды жинаған.

Инара Нургалиева

«Бала кезінде жөндейтін затты қоқыс қалдықтарынан іздейтін. Ауылдың сыртында қоқыс полигоны болды. Содан тұрғындар лақтырып жіберген электр шәйнек, шаңсорғыштарды үйге тасып, жөндеп шығатын», — дейді Ерлан Нұрғалиевтің анасы Инара Нұрғалиева.

Процесс ремонта

Оның шеберханасында кез келген техниканың тілін табатын саймандар сақадай сай. Бұл — баласының бойындағы талантты тани білген ата-ананың қолдауы.

«Тұрмыстық техникаларды жөндейтін барлық құрал-жабдықтарын сатып береміз. Ешқашан ақша жоқ деп бетінен қаққан емеспін. Себебі осылай ол тәжірибесін шыңдап жатыр. Біз тек қолдаушымыз», — дейді Инара Нұрғалиева.

Сунгат Ергазы

Сұңғат Ерғазы, оқушы:

«Ерлан — менің досым. Ұялы телефоным істемей қалса, осы Ерланға жөндетіп аламын. Кейде маған да тұрмыстық техникаларды жөндеу жолдарын үйретеді».

Болашақта ол инженер болғысы келеді. Шеберханасын кеңейтіп, заманауи технологияларды меңгерсем дейді.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное