Воскресенье, 19 января, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиҚарағанды облысында жазасын өтеушілер қардан Қазақстан туының бейнесін сомдады

Қарағанды облысында жазасын өтеушілер қардан Қазақстан туының бейнесін сомдады

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №29 мекемесінің сотталғандары Тәуелсіздік күні мерекесін ерекше атап өтті. Олар стадионның футбол алаңында қардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесін бейнеледі. Байрақтың ұзындығы 18 метр, қалыңдығы 60 см.

Бұл 14 жазасын өтеушінің жұмысы. Сотталушылардың арасында суретші немесе бейнелеу өнеріне жақыны жоқ. Тек өздерінің қиялы мен идеялары және қол икемділіктерінің арқасында жасап шығарған. Мұз мүсінді жасауға 15 күн уақыт кеткен. Биыл Қарағандыда қар әлі қалың түскен жоқ. Сондықтан сотталушылар қараша айында алғашқы қар түскен сәттен бастап арнайы орынға үйіп жинаған.

Снежный флаг в колонии

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – еліміздің басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіздік мерекесіне орай осындай ерекше жұмысты қолға алдық. Тудың бейнесі әр азаматтың жүрегінде патриоттық сезім оятып, Отанымен мақтануға негіз болады! Бұл жобаны жүзеге асыру үшін екі апта уақыт, бірнеше тонна қар, сондай-ақ көк және сары түсті бояулар қажет болды. Сотталғандар күн сайын тәлімгерлердің жетекшілігімен жұмыс істеп, өз идеяларын жүзеге асыруға бар күш-жігерін салды. Осындай ауқымды жұмысты орындауда олардың ауызбіршілігі мен еңбекқорлығы, мемлекетіне деген патриоттық сезімі айқын көрінді», – деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жансейт Әбілқасымов.

Қарағанды облысында жазасын өтеушілер қардан Қазақстан туының бейнесін сомдады

Бұл шара сотталғандар үшін тек еңбек процесі ғана емес, өз елінің тағдырына құрметпен қарау, оның болашағындағы өз рөлін түсіну мүмкіндігін де ұсынды. Шығармашылық пен белсенділік арқылы олар түзелу жолына түсуге және толыққанды азамат ретінде өз Отанын мақтан тұтуға қадам жасады.

Қарағанды облысында жазасын өтеушілер қардан Қазақстан туының бейнесін сомдады

ҚАЖД №29 мекемесінің сотталғандары енді жаңа жылға қарай ертегілер әлемінің кейіпкерлерін осылай бейнелемекші.

Атап өту керек, бұл колониядағы жазасын өтеушілер түзету мекемесіндегі темірден конструкция жасау цехінде жұмыс жасайды.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное