Қарағанды қаласында 16 жастағы орыс қызы қазақ салт дәстүрін жатқа біледі. Нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы талай білім бәйгесінде топ жарып жүр.
Ева Дмитриева қазақ салт дәстүрін жатқа білетін орыс қызы. Арнайы кітаптар оқып, көне жөн жорағыларды зерттеп жүр. Әр мәселені дәстүр жолымен шешсе, адам арасындағы қарым-қатынас қалыптастады дейді.
«Маған қазақ салт-дәстүрінің ішінде «көрісу» ғұрпы қатты ұнайды. Себебі бұл салт адамды достыққа, жақсы қарым қатынасқа бағыттайды. Бір-бірімен ұзақ уақыт араласпай, өкпелеп жүрген жандар осы дәстүрдің арқасында көрісіп, татуласып жатады», — дейді Ева Дмитриева.
Ева қазақ ұлттық киімін халық қазынасы деп бағалайды. Ұлттық ойындары азаматты білекті болуға баулыйды деп ой түйеді. Ал ақын жазушылардың арасынан Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен ой мен бой түзейді.
Ева Дмитриеваның ата анасы орыс ұлтының өкілі. Отбасында мемлекеттік тілдің қолданысы болмағандықтан мектепте тек қазақ тілінде сөйлеседі. Бұдан бөлек, қазақша контенттерді көруге тырысады.
«Біріншіден, сөздікпен жұмыс жасау керек. Сөздік қорды молайту үшін кітап оқыған абзал. Сонымен қатар мен үнемі қазақ тілінде болатын киноларды көремін. Тіпті ата-анаммен бірге көріп, оны түсіунге әке шешеме көмектесемін. Хит әндерді жаттап аламын. Осының барлығы ешқиндықсыз қазақ тілін үйренуге көмектеседі», — дейді 10- сынып оқушысы
Ол мемлекеттік тілді 7 сыныптап бастап қана үйренген. Қабілетін бірден байқаған ұстазы Мейрамгүл Мейрашқызы қазақ тілін тереңнен оқыта бастаған. Жемісі сол түрлі байқауларға қатысып, оқ бойы озық шығып жүр.
«Еваның есте сақтау қабілеті жақсы. Бір түсіндіргенді бірден қағып алады. Қазақ тілін орыс тілімен ағылшын тілінен кем көрмейді. Үнемі ізденісте жүреді. 7 сыныпта біздің мектепке келгенде қазақ тілін білу деңгейі төмен еді. Қазір олимпиадаларға баратын дәрежеге жетті», — дейді ұстазы.
Бір ай бұрын Қостанай қаласында өткен республикалық пән олипиадасында Ева Дмитриева жүлделі бірінші орынды иеленді. Білім додасы тек өзге ұлт өкілдері яғни орыс сыныбында оқитын оқушылар арасында өткен. Барлығы 120 үміткердің арасында қарағандылық қыз жүзден жүйрік шықты.