Пятница, 18 июля, 2025
ДомойАвторские колонкиЛюдиАна, әже, құрылысшы: тыл еңбеккері Бибігүл Әмірованың өмір жолы

Ана, әже, құрылысшы: тыл еңбеккері Бибігүл Әмірованың өмір жолы

Ерлік тек майдан шебінде емес, тылда да танылады. Олар қолына қару алмаса да, кетпен мен күрек арқылы ерледі. Қарағанды облысында сондай тыл ардагері тұрады. Бибігүл Әмірова тоқсанның үстіне шықса да, бойындағы қажыр-қайратын жоғалтпаған. Ол тоқтаусыз тірлік пен тынымсыз еңбектің адамды сергек болады, — деп есептейді.

неустанный труд

Қария әлі де еңбектен қол үзбеген. Тоқыма бізінен ажыраған емес. Инеге жіпті өзі сабақтап, іс тігеді. Немере, шөберелеріне жылылап шұлық, қолғап тоқып береді. Бұл зейнеткер үшін саусаққа жаттығу.

Бибигуль Амирова в юности

Бибігүл Әмірова тылда тапжылмай еңбек еткен. Күні-түні арам шөп жұлып, егін орып, жоспарды асыра орындауға тырысқан.

«Бөтелке алып, суымызды құйып алып, кешке келіп құлаймыз. Оңай емес. Арам шөп деген таудай болып көп шығады. Кейде екі қаппен келемін, үлкен шешем бар ертіп алады да, түбінен шауып береді, арқалап алып келемін. Қайтарда екі қаппен тезек алып келемін. Танертең ұйқы жоқ, бір үйге қыздар жиналып дирмен тартамыз, оны нан қылдырып пісіреміз табаға», — дейді тыл ардагері Бибігүл Әмірова.

Бибигуль Амирова награды

Кейіпкеріміз 30 жыл дүкенде жұмыс жасап, сауда саласында еңбек етті. Ауылдағы құрылыс саласына да атсалысқан. Төменгі Қайратқы ауылындағы мына үйлердің іргетасын қалап, тұрғызғанның бірі.

«Жер қазамыз, цементтейміз, звестейміз, еркекпен бірдей істедім. Әлгі ұрушы дейді, бәріміз тұрып алып қолмен, күрекпен, ғимараттың қабырғасын қалап жасаймыз. Кейінгі кезде кран пайда болып, жақсы болды. Мен құрылыс саласында 5 жыл жұмыс істедім», — дейді тыл ардагері Бибігүл Әмірова.

Работа Бибигуль Амирова

Тыл ардагері 93 жастан асса да, еңсесі тік, жүрісі нық. Үй тірлігін әлі өзі тындырады. Қолына күрек алып, ауласын тазалап, отын жару қарияға қиын емес. Қайта сергек жүруге себеп дейді.

Бибигуль Амирова за работой

«Келінім келмей қалса, сиыр сауам, немерем саума деп көтеріп алады орындықты екі қолтығына. Істегім келеді, басқалары келгенше шыдамаймын, кешіксе әлі жүрсіндер ма деп ашуланам. Кешеде нанды өзім илеп, істегім келіп отырады жұмысты, кәртайсам да», — дейді тыл ардагері Бибігүл Әмірова.

Ошакбай Копбаев

Ошақбай КӨПБАЕВ, Б. Әмірованың ұлы:

«Бұл кісі отырмайды. Қора да тазалайды мысалы үшін. Астына үстел қойып сылайды. Құлап қаласыз ғой десем, ренжиді, менімен сөйлеспей қояды. Қарда күрейді. Мен “қимылдамасам болмайды, шырағым” дейді».

Ет асып, баптауды ешкімге сенбейді. Ауылдағы ең жасы үлкен қария болғандықтан, бата алуға келетін мейманы көп. Сондықтан үнемі қазанына ет қойып, дастарханын жайып сақадай сай отырады.

Труженица тыла

«Өзімнің жасым 74-те. Менің өзім әже болсам да, енеме келінмін. Менің енем өте пысық кісі, бауырсақ пісіреді, ет асады, бізге сенбейді, өзі қоса жүреді жағаласып. Қыстан көктемге қарай келсек, мұз ойып жатыр есіктің алдында осы биыл. Қар күрейді, от жағады, бәрін істейді», — дейді Роза ЖЕҢІСОВА, Б. Әмірованың келіні.

Бибигуль Амирова с семьей

Бибігүл Әмірова — 12 құрсақ көтерген батыр ана. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қонып, бір-бір отау иесі. Соғыстың тауқыметін көрген қария ұрпағына бейбіт күннің қадірін біліп, қастерлеуге шақырады.

Бақшагүл Зияда
Бақшагүл Зияда
Окончила Карагандинский университет им. Е. А. Букетова, филологический факультет, кафедру журналистики.

Советуем посмотреть

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

События дня

Самое популярное